Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

Резенциялау тәртібі

Барлық мақалалар қосарланған «жасырын» рецензиялаудан өтеді. Рецензиялау жабық түрде жүзеге асырылады: мақаланың қолжазбасы Журналдың электрондық платформасы арқылы авторлар туралы мәліметтер көрсетілмеген түрде рецензенттерге жіберіледі. Журналда заң ғылымының тиісті бағыттары бойынша мамандардан құралған рецензенттердің қалыптастырылған базасы бар. Рецензенттер базасының құрамы туралы мәліметтер, сондай-ақ нақты қолжазбаларға рецензия жасаған тұлғалар туралы ақпарат құпия болып табылады және авторларға немесе үшінші тұлғаларға жария етілмейді. Рецензенттер қолжазбаның Журнал талаптарына және ғылыми критерийлерге сәйкестігін нақты, объективті және дәлелді түрде бағалайды.

Егер мақаланың тақырыбы оның құзыреттілігі саласында немесе тез арада рецензиялау мүмкін болмаса, рецензент редакторларды хабардар етуге немесе рецензиялаудан бас тартуға құқылы. Авторлардан түпнұсқалық зерттеудің шынайы нәтижелерін және оның маңыздылығын объективті талқылауды ұсыну талап етіледі.

Рецензиялау нәтижелері құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда рецензенттер мақаланы қарауға жіберілмейді.

Рецензиялау және техникалық тексеру нәтижелерi бойынша мақала не қабылданбауы, не авторларға пысықтауға жiберiлуi, не жариялануға қабылдануы мүмкiн. Оң пiкiр алғаннан кейiн редакция мақаланың жариялауға қабылданатыны туралы авторларға хабарлайды. Рецензенттер мен редакторлардың ескертулері болған жағдайда автор көрсетілген мерзімде мақаланы түзетуі және толықтыруы қажет