Мақалада Қазақстанда мамандандырылған еңбек соттарын қалыптастыру мәселесі, атап айтқанда, еңбек құқығы ғылымында талқыланған және әлі де талқыланып жатқан Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін реформалау шеңберінде еңбек істері жөніндегі мамандандырылған орган ретінде тұрақты жұмыс істейтін еңбек сотын құру қажеттілігі туралы айтылды. Еңбек дауларын сотта шешу саласында болып жатқан елеулі өзгерістер қазіргі кезеңде мамандандырылған еңбек сот жүйесін енгізуді теориялық тұрғыдан түсіну, еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тұжырымдамасын еңбек қатынастарын реттеудің маңызды нысаны ретінде түсіну міндетін қояды.
Мақсаты - ҚР сот жүйесін жетілдіру қажеттілігімен, қазіргі заманғы Қазақстанда сот жүйесін реформалау барысында еңбек дауларын қарайтын мамандандырылған соттарын енгізу мен құрудың мәселелері мен құқықтық негіздерін кешенді зерделеумен, осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдаумен айқындалған.
Әдіснамалық негізін - танымның жалпы логикалық әдістері құрайды: талдау, синтез, жалпылау, сонымен қатар жалпы ғылыми, жеке ғылыми және арнайы әдістер. Атап айтқанда, формальды-құқықтық әдіс зерттеудің жалпы теориялық анықтамаларын, олардың белгілері мен мазмұнын құруда қолданылды. Құрылымдық-функционалдық әдіс сот билігі органдарының қызметін және олардың өзара және квазисудебтік функцияларды жүзеге асыратын институттар арасындағы өзара іс-қимылын талдау кезінде қолданылды.
