Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН РЕФОРМАЛАУ: ЕҢБЕК ШАРТЫН БҰЗУ ЖӘНЕ ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНСТИТУТТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

Жарияланды June 2025
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында еңбек шартын бұзу мен тәртіптік жауапкершілікке қатысты нормалардың мазмұны мен құқықтық табиғатын ашуға, оларды теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты талдауға бағытталған. Зерттеу барысында еңбек шартын бұзу мен тәртіптік шараларды қолдану рәсімдеріндегі формальдылықтар, құқықтық олқылықтар мен тәжірибедегі кемшіліктер анықталады. Сонымен қатар, Еңбек кодексінің тиісті нормаларына терең құқықтық талдау жасалады. Алынған ғылыми нәтижелер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын халықаралық стандарттармен үйлестіру қажеттігін, құқық қолдану практикасын жүйелеу мен жетілдірудің өзектілігін айғақтайды. Зерттеу нәтижелері қазіргі кезеңде еңбек құқықтары мен еңбек қатынастарын реттеудің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

pdf