Авторлар үшін ереже
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚазҰПУ ХАБАРШЫСЫ «ЮРИСПРУДЕНЦИЯ» СЕРИЯСЫ
Құрметті авторлар!
Редакциялық алқа журналдың ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақала журнал сайтының функционалына электрондық форматта жүктеу арқылы ұсынылады.
Журналдың тақырыптық бағыттары:
- Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы. Мемлекет және құқық тарихы.
- Конституциялық құқық. Әкімшілік құқық және процесс.
- Азаматтық құқық және процесс. Еңбек құқығы. Білім беру құқығы.
- Қылмыстық құқық және процесс. Криминология. Криминалистика.
Редакциялық алқа материалдардың мынадай түрлерін қарайды:
- ғылыми мақалалар;
- ғылыми форумдардың (халықаралық және республикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар) материалдары бойынша тақырыптық шолулар;
- ірі жарияланымдарға рецензиялар (монографиялар, оқулықтар, академиялық курстар);
- көрнекті отандық құқықтанушы ғалымдар мен практиктерге қатысты немесе олардың құқық теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша сұхбаттары.
Журналда бұрын жарияланған мақалаларға сілтеме жасау қажет, Scopus және Web of Science базаларында индекстелген журналдарда жарияланған дереккөздерге сілтеме жасау құпталады. Бір автор үшін өзіне-өзі сілтеме жасауға бір мақалада екі реттен артық емес жол беріледі.
Бір автор мақаланы бірлесіп жазған жағдайларды қоспағанда, бір нөмірде бірнеше мақала жариялай алмайды. Төрт адамнан аспайтын бірлескен авторлыққа рұқсат етіледі.
Жариялауға қабылданған мақалаларға DOI (The Digital Object Identifier – ғылыми жарияланымның міндетті Халықаралық цифрлық идентификаторы) беріледі. Әр мақала анықтамалық мәліметтермен бірге жүреді: «Дәйексөз үшін».
Мақала оқылып, мұқият өңделуі керек (журнал әдеби редакциялауды жүзеге асырмайды), әйтпесе мақала қабылданбайды. Автордың келісімінсіз шағын техникалық редакциялау мүмкін. Редакциялық алқа мақаланы рецензенттердің ескертулері бойынша пысықтауға қайтаруға құқылы. Мерзімдері анық бұзылған ескертулер жойылған кезде редакциялық алқа жариялау мерзімдерін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыруға құқылы.
Студенттердің, магистранттардың мақалалары ұсынылған жұмыстың мазмұны мен сапасы-на дербес жауапты болатын ғылыми жетекші туралы деректер көрсетілген жағдайда қабылданады.
Ұсынылған мақала бұрын өзге басылымда жарияланбауы тиiс. Атаулары, ҒХТАР және ӘОК зерттеудің бағыты мен мазмұнына, сондай-ақ Журналдың құрылымында таңдалған бағытқа сәйкес келуі тиіс. Жарияланатын мақаланың тақырыбы өзекті, мазмұны жаңашыл-дығымен ерекшеленуі, дәлелді авторлық қорытындыларды қамтуы тиіс, пайдаланылған әдебиеттер соңғы 5-7 жылда жарияланған дереккөздердің кемінде 50%-нан тұруы тиіс. Тарихи-құқықтық экскурсы бар жарияланымдар бұған жатпайды.
Ғылыми мақаланың құрылымы:
- атауы;
- аңдатпа;
- түйін сөздер;
- кіріспе;
- материалдар мен әдістер;
- нәтижелері және талқылау;
- қорытынды;
- қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса);
- әдебиеттер тізімі.
Мақаланың атауы анық және қысқа болуы керек, оқырманды мазмұнға мүмкіндігінше дәл бағыттауы керек. Оқырман іздеуі мен таңдауына кедергі келтіретін белгілі бір бағдарларсыз аморфты атаулар алынып тасталады (мысалы, «... туралы заңнаманың кейбір мәселелері», «.... мәселелері туралы сұраққа», «... туралы жеке жазбалар» және т.б.).
Аңдатпа (көлемі - 120 сөзден кем емес және 300 сөзден артық емес) мынадай құрылымға сәйкес келуі тиіс: жарияланымның түрін көрсету (мақала, шолу, ескерту, рецензия, редакцияға хат және оған жауап); зерттеудің мәні; зерттеудің пайда-ланылған әдістері; неғұрлым маңызды нәтижелер мен олардың мәні.
Түйін сөздер: 5-7 сөз немесе сөз тіркестері - мәтінді іздеуді жеңілдету және жарияланым-ның пәндік саласын анықтау мақсатында таңдалады,
Кіріспе зерттеудің өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, таңдалған әдіснаманы, сондай-ақ өзінің зерттеуі мен шешімін талап ететін проблеманың қалыптасуына әкелген алғышарттарды қысқаша баяндауға арналған. Кіріспеде қалыптасқан проблемалық жағдайдың табиғатын түсіндіретін қысқаша тарихи-құқықтық экскурсияға жол беріледі. Кіріспенің көлемі екі беттен аспауы тиіс.
Материалдар мен әдiстер пайдаланылған деректер көздерiн (мақсатты зерттеулер нәтижелерi бойынша ғылыми есептер, ресми статистика көздерi, әлеуметтiк сауалнама деректерi, мұрағаттық материалдар, бағдарламалар, жобалар, тұжырымдамалар, нормативтiк және баяндау көздері, ҚР Конституциялық Сотының (Кеңесiнiң) және ҚР Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, қолжазба ескерткiштерi және т.б.) көрсетуi тиiс. Зерттеу әдістері әдіснамаға сәйкес келуі, оларды таңдау мақсаты мен зерттелетін және шешілетін проблемаларға сәйкестік дәрежесі көрсетілуі қажет.
Нәтижелер мен талқылау (қажет болған жағдайда нәтижелер дербес құрылымдық құрам-дас ретінде талқылаудан бөлек ұсынылуы мүмкін) зерттеу барысын баяндауға, дәлелдеу базасын құруға, ұсынылатын болжамдарды негіздеуге және дәлелдеуге, проблеманың мәніне әртүрлі көз-қарастардың дау себептерін түсіндіруге, осы мәселе бойынша өз ұстанымын қорғауға арналған.
Қорытындыда ғылыми проблеманы шешудiң мәнi мен ұсынылып отырған шешiмдi тәжірибеде қолдану мүмкiндiгiнiң саласы дәйектi және қысқаша баяндалуы тиiс.
Қаржыландыру туралы ақпарат. Егер жарияланымды дайындау кезінде мемлекеттік грант, шетелдік немесе отандық әріптестік, қоғамдық қор және т.б. негізінде қаржылық қолдау көрсетілген жағдайда қаржыландыру туралы ақпарат орналастырылады.
Әдебиеттер тізімі тек баяндау сипатындағы қайнар көздерден тұрады. Нормативтік-құқықтық актілерге (заңдарға, халықаралық шарттарға, конвенцияларға, пактілерге, мемлекеттік бағдарламаларға, ведомстволық актілерге, мемлекеттік тұжырымдамаларға, үкіметтік қаулыларға, Бас Прокурордың актілеріне, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының (Кеңесінің) және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, мұрағаттарға) сілтемелер парақшада келтіріледі және әдебиеттердің жалпы тізіміне енгізілмейді.
Әдебиеттің романизацияланған тізімі мынадай түрде көрінуі тиіс: автор (лар) (транслитерация - http://www.translit.ru) → (дөңгелек жақшада жылы) → транслитерацияланған нұсқадағы мақаланың атауы [мақаланың атауын төрт бұрышты жақшада ағылшын тіліне аудару], орыс тіліндегі дереккөздің атауы (транслитерация немесе ағылшын атауы - егер бар болса), ағылшын тіліндегі белгілері бар шығыс деректері.
ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптар мен ережелері» (БҒССҚК тізбесіне кіретін басылымдарға қойылатын талаптар).
Әдебиеттің романизацияланған тізімін, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар үшін ағылшын (басқа шетел) тіліндегі дереккөздерді ресімдеу стилі - American Psychological Association (http://www.apastyle.org/).
Мақалаларды жариялауға қабылдау үшін ұсыну тәртібі
Бірінші қадам: мақаланың мәтіні Журналдың сайтындағы жеке кабинетке жүктеледі.
Екінші қадам: мақаланың толық мәтіні PDF форматында плагиаттың бар-жоғын тексеру үшін жүктеледі.
Үшінші қадам: рецензиялау үшін мақала аты-жөні көрсетілмей және MS Word форматында аффилиациясыз жүктеледі.
Мақалаларды жариялауға қабылдау үшін ұсыну тәртібі:
Бірінші қадам: мақаланың мәтіні Журналдың сайтындағы жеке кабинетке жүктеледі.
Екінші қадам: мақала мәтіні толық көлемде PDF пішімінде плагиаттың бар-жоғын тексеру үшін жүктеледі.
Үшінші қадам: рецензиялау үшін мақала аты-жөні көрсетілмей және MS Word пішіміндегі аффилиациясыз жүктеледі.
Төртінші қадам: мақала мақұлданғаннан және оны жариялауға қабылдағаннан кейін корреспонденттік авторға төлем жасау үшін хабарлама және банк шотының деректемелері жіберілетін болады.
Мақалаларды ресімдеуге қойылатын талаптар
- жоғарғы сол жақ бұрышында бас әріптермен - ӘОЖ, ХҒТАР (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат рубрикаторы);
- Автордың аты-жөні, жұмыс орны бөлек жол арқылы көрсетіледі - сол жақ шеті бойынша тураланады;
- Бір жол тастап, мақаланың атауы ортаға қарай БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады;
- Бір жол тастап, аңдатпа беріледі (көлемі - кемінде 120 және 300 сөзден аспауы тиіс);
- Бір жол тастап, түйін сөздер көрсетіледі (5-7 сөзден немесе сөз тіркесінен аспауы тиіс);
- Аңдатпа мен түйін сөздер үш тілде беріледі: мақала тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде;
- Бір жол тастап - негізгі мәтін;
- Бір жол тастап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі (тек нарративтік дереккөздер үшін) курсив қарпімен жазылады.
- Мақаланың көлемі аңдатпаны, түйін сөздерді және әдебиеттер тізімін есептемегенде 12 беттен аспауы тиіс (ең аз көлемі - 5 бет). Ерекше жағдайларда көлемі 15-17 бетке дейін ұлғайтылуы мүмкін.
- Мәтін Word 97-2003 редакторында теріледі.
- Қаріп - Times New Roman.
- Қаріп өлшемі - 12.
- Жоларалық интервал – 1,0.
- Жиектері: 20х20х20х20 (мм).
- Әдебиеттерге сілтемелер дәйексөз келтіру реті бойынша тік жақша ішінде беріледі: [1, 57 б.] - мұндағы «1» - пайдаланылған дереккөздің реттік нөмірі, «57 б.» - бет нөмірі.
- Нормативтік құқықтық актілерге және нарративтік дереккөздерге жатпайтын өзге де материалдарға сілтемелер төменгі ескертпе түрінде беріледі (қаріп өлшемі - 10), реттік нөмір арнайы таңбалар жүйесі арқылы көрсетіледі (мысалы: мәтінде - «ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік бағдарлама туралы ...» ... жылғы № ... қаулысы¹»; төменгі ескертпеде – «¹ «Мемлекеттік бағдарлама туралы...» – ҚР Үкіметінің ... жылғы № ... қаулысымен бекітілген // https:// ...»).
- Мақала соңындағы әдебиеттер тізімі роман әліпбиімен (References) рәсімделеді; орыс тілін латын әліпбиіне транслитерациялау үшін translit.ru сайтын пайдалану ұсынылады.
- Көлемі 10 беттен аспайтын мақаланы жариялау құны – 5 000,00 теңге (пошта шығындарын есептемегенде).
Мақаланы ресімдеу үлгісі
ХҒТАР 10.79.01
ӘОЖ 343.1
Т.Б. Хведелидзе¹, Э.П. Кенжибекова¹*
¹Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
(е-mail: khvedelidze_tima@mail.ru, *danaestai@mail.ru)
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАСЫ ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ МАНИПУЛЯЦИЯЛАУ
Аңдатпа
Қазақстанда цифрлық технологияларды енгізудің бірден бір дәлелі болып 2017-2022 жылдар аралығына бағытталған 2017 жыл 12 желтоқсанындағы «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру табылады... (120 сөзден кем емес және 300 сөзден артық емес)
Түйін сөздер: (5-7 сөз немесе сөз тіркестері) қылмыстық істер бойынша дәлелдеу, ақпараттық-байланыс технологиялар, сот сараптамасы, арнайы ғылыми білімдер, киберқауіп-сіздік, мәліметтер базасына рұқсатсыз қол жеткізу.
Т.Б. Хведелидзе ¹, Э.П. Кенжибекова ¹
¹Казахский национальный педагогический университет имени Абая
(е-mail: khvedelidze_tima@mail.ru, danaestai@mail.ru)
НЕПРАВОМЕРНЫЕ МАНИПУЛЯЦИИ ЦИФРОВЫМИ ТЕХНОЛОГИЯМИ КАК ОБЪЕКТЫ СУДЕБНЫХ ЭКСПЕРТИЗ ПО УГОЛОВНЫМ ДЕЛАМ
Аннотация
Внедрение в Казахстане цифровых технологий является одним из результатов реализации Государственной программы «Цифровой Казахстан» от 12 декабря 2017 года, рассчитанной на период 2017-2022 гг…. (не менее 120 и не более 300 слов)
Ключевые слова: (5-7 слов или словосочетаний) доказывание по уголовным делам, информационно-коммуникационные технологии, судебная экспертиза, специальные научные знания, кибербезопасность, несанкционированный доступ к базам данных.
T.B. Khvedelidze¹, E.P. Kenzhebekova¹
1Abai Kazakh National Pedagogical University
(е-mail: khvedelidze_tima@mail.ru, danaestai@mail.ru)
UNLAWFUL MANIPULATION OF DIGITAL TECHNOLOGIES AS OBJECTS OF FORENSIC EXPERTISE IN CRIMINAL CASES
Abstract
The introduction of digital technologies in Kazakhstan is one of the results of the implementation of the State Programme ‘Digital Kazakhstan’ dated 12 December 2017, designed for the period 2017-2022… (not less than 120 and not more than 300 words)
Key words: (5-7 words or collocations) evidence in criminal cases, information and communication technologies, forensic expertise, special scientific knowledge, cyber security, unauthorised access to databases.
Кіріспе
Цифрлық трансформацияның, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында көзделген құжат болды....
Материалдар мен әдістер
Авторлар ресми статистиканың деректерін, қаралып отырған проблемаға тікелей қатысы бар нормативтік құқықтық актілердің, үкіметтік құжаттардың мәтіндерін пайдаланды. Зерттеудің негізгі әдіснамасы ретінде дамуда, серпінде ғылыми және қолданбалы проблеманы қарастыруға мүмкіндік беретін диалектикалық тәсіл таңдалды. Аталған әдіснама шегінде құқықтық зерттеулер саласында дәстүрлі әдістер қолданылды: логикалық-құқықтық талдау, салыстырмалы құқықтану, баянды деректерді сыни талдау.
Нәтижелер және талқылау
Қазақстан цифрлық технологияларды құру, қоғамдық қатынастардың орасан зор спектрін компьютерлендіру ісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы елдің осы бағыттағы жетістіктерін сипаттайтын ресми құжаттар көрсетеді. Айталық, 2022 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда АКТ саласында 10 989 ІТ-компания жұмыс істеген [1].
Қорытынды
- Әлеуметтік практикаға жаппай енгізу жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларға заңсыз қол жеткізу қаупінің дәрежесі тұрақты өсу үрдісіне ие....
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Борчашвили И. Ш. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / Под общей редакцией А.К.Даулбаева. В двух томах. Особенная часть (том 2). – Алматы: Жетi Жарғы, 2015. – 1120 с.
2 Toleubekova B., Khvedelidze T. Signs of Emergens of new Corruption Zones Risks Associated with Manipulation of Digital Technologies in Higher Education Institutions // Znanstvena Misel, Slovenia, Ljubljana, Vol. 2, N 63, 2022. Pp. 37-40.
3 Руденкова Ю.С., Хазиев Ш.Н., Усов А.И. Искусственный интеллект и судебная компьютерно-техническая экспертиза [Электрон. ресурс]. – 2024. – URL: https://ekspertiza-reshenie.ru/articles/iskusstvennyy-intellekt-i-sudebnaya-kompyuterno-tekhnicheskaya-ekspertiza/ (дата обращения: 16.11.2024.).
References:
1 Borchashvili I. Sh. Kommentarij k Ugolovnomu kodeksu Respubliki Kazahstan / Pod obshhej redakciej A.K.Daulbaeva. V dvuh tomah. Osobennaja chast' (tom 2). – Almaty: Zheti Zharғy, 2015. – 1120 s.
2 Toleubekova B., Khvedelidze T. Signs of Emergens of new Corruption Zones Risks Associated with Manipulation of Digital Technologies in Higher Education Institutions // Znanstvena Misel, Slovenia, Ljubljana, Vol. 2, N 63, 2022. Pp. 37-40.
3 Rudenkova Ju.S., Haziev Sh.N., Usov A.I. Iskusstvennyj intellekt i sudebnaja komp'juterno-tehnicheskaja jekspertiza [Jelektron. resurs]. – 2024. – URL: https://ekspertiza-reshenie.ru/articles/iskusstvennyy-intellekt-i-sudebnaya-kompyuterno-tekhnicheskaya-ekspertiza/ (data obrashhenija: 16.11.2024.).
Авторлар туралы мәліметтер - орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, атқаратын қызметі, ORCID нөмірі, жұмыс орны, қала, ел, байланыс телефоны, email көрсетілуі тиіс.
