Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ЖОО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІЛІМ БЕРУ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жарияланды June 2022
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы Елдік ынтымақтастығы бағдарламасының бірінші кезеңі туралы есеп (2015-2017 жж.): «Қазақстандағы реформалар: барысы, сын-қатерлері және келешегі» сыбайлас жемқорлық Қазақстан үшін ең проблемалық салалардың бірі болып қала беретінін көрсетеді. Жағдайды жақсарту үшін әртүрлі шаралар ұсынылды, олардың орындалуы мүмкін деп бағаланды, өйткені тұтастай алғанда Қазақстан адалдық, сатылмаушылық, қызметтік және іскерлік этиканы сақтау мәдениетін белсендірек дамыта алады. Соңғы бес жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта белгілі өзгерістер болды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру қажеттілігі өзектілігін сақтап қалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту үшін ең алдымен жоғары білікті болашақ менеджерлерді дайындайтын ЖОО-да тиісті курстарды оқыту арқылы енгізу қажет. Жоғары білім беру жүйесіндегі басым бағыт ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы білім беруді ұйымдастыру қажеттілігі жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында (02.02.2022) көрсетілген. Бұл зерттеу университетте жоғары білікті мамандарды даярлау процесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің ықтимал нысандарын қарастыруға арналған.

pdf (Русский)