Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ГАЗ САЛАСЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Жарияланды March 2022
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының газ саласын құқықтық реттеу мәселелері заңнаманы талдау негізінде қаралды. Авторлар негізінен табиғи газдың меншікті ресурстары есебінен газ тасымалдау жүйесін кезең-кезеңімен дамыту және газға деген ішкі сұранысты – экологиялық таза отын түрі ретінде-ұлғайту үшін жағдай жасауды мақсат ететін Қазақстан Республикасының газ саласын реттеудің қазіргі заманғы нормативтік құқықтық базасын талдады. Зерттеуде мемлекеттік тігінен интеграцияланған компанияның (ұлттық оператордың) тетігі газ саласын дамытудың бастапқы кезеңдерінде неғұрлым тиімді болып көрінетіндігі жөнінде; сондай-ақ шет елдердегі газ саласын реттеу оның әрбір нақты мемлекеттің даму деңгейіне байланысты айтарлықтай ерекшеленеді деген тұжырым жасалды.
Отын-энергетика кешенінің дамуы мультипликациялық әсер береді. ОЭК саласындағы инвестициялар елдің инфрақұрылымын белсенді дамытуға, озық технологиялар трансферін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, экономиканың инновациялық дамуына ықпал етеді, еңбекке қабілетті халықтың едәуір бӛлігінің жұмыспен қамтылуына кепілдік береді, осының негізінде әлеуметтік саланың дамуына ықпал етеді.

pdf