Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

Киберқылмыс: түсінігі, себептері және алдын-алу жолдары

Жарияланды December 2022
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Қазіргі уақытта қоғамдық өмірдің түрлі салаларында коммуникациялық және ақпараттық
технологиялар енгізілді. Олар жылдам қарқынмен дамуда.
Ақпараттық технологияларды белсенді және кеңінен енгізу экономикалық қылмыстардың тізімінің өзгеруіне әкелді. Мұндай заңсыз әрекеттерге компьютерлік қылмыстар
жатады және де мемлекет экономикасына, оның жекелеген секторларына, кәсіпкерлік қызметке және азаматтардың жекелеген топтарының экономикалық мүдделеріне зиян келтіреді .
Бүгінгі таңда виртуалды кеңістіктегі қылмыскерлердің құрбандары тек жеке адамдар
ғана емес, мемлекеттер де бола алады. Мыңдаған пайдаланушылардың қауіпсіздігі бірнеше
қылмыскерлердің қолында болуы мүмкін. Киберкеңістікте жасалатын қылмыстардың саны компьютерлік желілерді пайдаланушылар санына пропорционалды түрде өсуде және
ғаламдық Интернет желісіндегі қылмыстың өсу қарқыны планетадағы ең жылдам болып
табылады.
Мақалада Қазақстан Республикасындағы киберқылмыстың түсінігі, себептері және
алдын алу ашылады. Киберқылмыстың пайда болуы туралы әртүрлі кӛзқарастар келтірілген.

pdf (Русский)