Зерттеуде әкімшілік іс жүргізу құқықтық қатынастардың классификациялық моделі,
құқықтық қатынастардың жалпы теориясы тұрғысынан талданады. Әкімшілік іс жүргізу
құқықтық қатынастардың жіктелуі құбылыстар мен ұғымдарды белгілі бір түрлерге бӛлу
тәсілі ретінде қарастырылады. Бұл жағдай құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін,
олардың кӛптүрлілігін, қасиеттерін, байланыстары мен тәуелділіктерін, жалпы және арнайы
түрлерін бӛліп кӛрсетуге және осы арқылы олардың мәніне терең бойлауға мүмкіндік берді.
Бұл парадигмадағы модельдеу процесі, әдетте, типологиялық және нақты классификациялық
критерийлерге негізделініп дәлелденді. Бұл процестің негізін жіктеу құқық теориясының
жалпы қабылданған постулаттары, сондай-ақ құқықтық реттеу механизміндегі құқықтық
қатынасты тағайындауға (қызметтік рӛлге) негізделген сынан тұрады.
Әкімшілік іс жүргізу құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтық қатынастардың ортақ
белгілерімен сипатталады. Әкімшілік іс жүргізу құқықтық қатынастарды жіктеудің
теориялық моделі жіктеу негіздерінің тізбесімен анықталынады
Әкімшілік және процедуралдық қатынастардың жіктелу модел
Жарияланды December 2022
Аннотация
Тілі
Русский
Кілттік сөздер
құқықтық қатынас, әкімшілік-құқықтық процессуалдық құқықтық қатынас, жіктеу, үлгі, ерекшелік
Как цитировать
