Зерттеуде мемлекет функцияларын іске асырудағы құқықтың әлеуетіне талдау жасалып,
мемлекет функциялары мәселесін белсенді ғылыми әзірлеуді қажет ететін факторлар
талданады. Мақалада мемлекет функциясының тұжырымдамасына әртүрлі тәсілдерді талдау
негізінде оның анықтамасы беріледі; мемлекет функцияларының жіктелуі жалпыланады
және олардың сипаттамалары ашылады; мемлекет функцияларын жүзеге асырудың
нысандары мен әдістері кӛрсетіледі. Теориялық пайымдауларды, мемлекеттің мақсаттары
мен міндеттерінің динамикасын және жаңа жаһандық сын-қатерлерді талдау негізінде
қалыптасқан кӛзқарастарды қайта бағалау және жаңа тәсілдерді жаңғырту шеңберінде
мемлекет функциялары мәселесін ғылыми зерттеу қажеттілігі негізделеді.
Мемлекет функцияларын іске асырудағы құқықтың әлеуеті: зерттеу парадигмасы
Жарияланды December 2022
Аннотация
