Қылмыстық саясатты трансформациялау жағдайында қылмыстық заңнаманы ізгілендіру басты бағыттардың бірі саналады. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау арқылы сот қылмыстық жазаны жеңілдете алады. Ал ҚР ҚК-нің 55-бабында жеңілдететін мән-жайлар жазаны жеңілдетудің барлық нысандары үшін қажетті элемент.
2014 жылғы қылмыстық заңнамада осы жеңілдететін мән-жайлардың жазаға әсері мен заңда көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау ережелерін бір нормаға біріктіре отырып, ықпал ету дәрежелерінің іркелкі екендігін ажыратпайды. Ал бұл қарама- қайшылықтар құқық қолдану тәжірибесінде едәуір қиындықтар тудыратыны анық.
Автор мақалада белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау мүмкіндігін көздейтін ҚР ҚК заң ережелерін қолдану проблемасын қарастыру барысында жеңiлдететiн мән-жайлар мен ерекше мән-жайлардың жазаны жеңілдетуге ықпалы ету дәрежесі айқындауға тырысады.
