Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕКШІ-МИГРАНТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҰТҚЫРЛЫҒЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІ

Жарияланды September 2026
Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Конституциясы аясында еңбекші-мигранттардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің конституциялық-құқықтық негіздері зерттеледі. Негізгі назар көші-қон саласындағы мемлекеттік бақылау мен әркімнің еңбек ету құқығының арақатынасына аударылды. Қазақстандағы құқықтық реттеу Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Канада және Австралияда қолданылатын жекелеген құқықтық тетіктермен формальды-заңдық, жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және функционалдық әдістер негізінде салыстырылды. Зерттеу нәтижесінде қорғалған еңбек ұтқырлығын сипаттайтын бес элемент айқындалды: негізгі еңбек құқықтарының әмбебаптығы, жұмыс берушіні ауыстырудың нақты мүмкіндігі, осал еңбекші-мигранттарды күшейтілген қорғау, бұрын туындаған еңбек талаптарын сақтау, сондай-ақ цифрлық рәсімдердің ашықтығы мен есептілігі. Жүргізілген талдау еңбек және көші-қон рәсімдері еңбекші-мигранттың нақты бақылауынан тыс болған жағдайда, сол рәсімдерден туындайтын құқықтық тәуекелдерді оған ғана жүктеу оның құқықтық осалдығын күшейтетінін көрсетті. Сондықтан мұндай тәуекелдерді бөлу кезінде тиісті рәсімді іс жүзінде бақылайтын жұмыс берушінің, делдалдың немесе мемлекеттік органның құзыреті мен жауапкершілігі ескерілуге тиіс.

pdf