Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АРХИТЕКТУРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Жарияланды September 2022
Ташкент мемлекеттік университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Қазіргі әлемде Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және конституциялық сот төрелігін жүзеге асыру Конституциялық сот төрелігінің әртүрлі модельдерінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты мемлекеттік-құқықтық дамуда ортақ тарихи бар посткеңестік елдердегі конституциялық сот төрелігі (бақылау) жүйесін дамыту үлкен қызығушылыққа ие болуда. Қазіргі уақытта Конституция үстемдігінің құқықтық кепілдіктерін нығайту шеңберінде Орталық Азия мемлекеттеріндегі Конституциялық сот төрелігінің дамуын салыстырмалы-құқықтық зерттеу қажеттігі өзекті бола түсті, конституциялық бақылау институтының трансформациялану мәні мен үрдістерін талдау, Конституциялық сот төрелігі нысанасының ерекшеліктерін, Конституциялық сот төрелігі субъектілері қызметінің ерекшеліктерін зерделеу, олардың Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлін күшейту үлкен маңызға ие болды. Ұсынылып отырған мақала осы зерттеу мәселесін шешуге арналған.

pdf (Русский)