Қазіргі кезеңде еңбек құқығы мен еңбек қатынастарын реттеу саласында құқық қолдану практикасының тиімділігін арттыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мақалада еңбек қатынастары теориясын жаңғырту контекстінде құқық қолданудың заманауи тұжырымдама-лары талданады. Автор құқық қолдану қызметінің мәнін, функцияларын және еңбек саласын-дағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің негізгі бағыттарын қарастырады. Зерттеудің мақсаты жаһандану, цифрландыру, қашықтан және платформалық жұмыс жағдайында еңбекті құқықтық реттеу тетіктерін жаңаша бағалап, еңбек құқығының пәні мен әдіснамалық негіз-дерін қайта пайымдау. Зерттеуде еңбек құқығының эволюциясы, цифрлық экономика жағдайындағы еңбек қатынастарының жаңа нысандары (қашықтан жұмыс, гибридті еңбек моделі, платформа еңбегі) және оларды құқықтық тұрғыдан реттеу ерекшеліктері жан-жақты талқыланады. Сондай-ақ еңбек дауларын шешудің баламалы тетіктері мен құқық қолданушы органдардың рөлін қайта қарау қажеттілігіне негізделеді. Мақалада құқық қолданудың заманауи концепциялары ретінде интегративтік, прагматикалық және адамға бағдарланған тәсілдер қарастырылады. Бұл тәсілдер еңбек қатынастарының әлеуметтік әділеттілігін қамтамасыз етуге және еңбек құқығының тиімділігін арттыруға бағытталған.
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТЕОРИЯСЫН ЖАҢҒЫРТУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Жарияланды June 2026
Аннотация
