Зерттеуде біз әлеуметтік және еңбек жанжалдарын шешу кезінде сот тӛрелігіне қол жеткізудегі
ӛзекті мәселелердің мазмұнына авторлық ұстанымды ұсындық. Осы зерттеуден алынған нәтижелер
заңгер-ғалымдар мен зерттеушілер үшін кең қызығушылық тудыруы мүмкін, еңбек дауларын сотта
шешудің қазақстандық мәселелері ӛзіндік академиялық кӛзқарасты таныстыруға мүмкіндік береді.
Жеке адамның еңбек құқықтарын қорғау саласындағы сот талқылауының қол жетімділік
стандарттарының сақталуына талдау жасалды, жеке еңбек дауларына тән сот қорғауына жүгінудің
нақты проблемалары анықталды. Авторлар жеке еңбек даулары бойынша сот тӛрелігіне қол
жеткізудің мынадай мәселелерін атап кӛрсетті: сот қорғауына еркін жүгіну үшін келісу
комиссиялары нысанындағы тосқауылдың болуы; еңбек даулары саласындағы халықаралық құқық
қорғау стандарттарының әлсіз орындалуы; жұмыс берушілердің жағдайына қатысты әлеуметтікеңбек жанжалдарындағы қызметкерлердің осал позициясы; бітімгершілік келісім жасасу арқылы не
дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасуға байланысты не дауды партисипативтік
рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасуға байланысты аяқталған еңбек дауларының санын
азайтудың орнықты үрдісі. Зерттеудің ұсынымдары мен қорытындылары еңбек саласындағы адам
құқықтарының әмбебап стандарттарына сәйкес әрекет ететін сот тӛрелігі жүйесін жетілдіру
жолдарын талқылауды ынталандыратын болады.
СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ: ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЖАҢАРТУ
Жарияланды June 2022
Аннотация
Тілі
Русский
Как цитировать
