Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ӨЗБЕКСТАН МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТАРЫ: МӘРТЕБЕСІ МЕН ӨКІЛЕТТІГІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

Жарияланды December 2025
Ташкентский государственный юридический университет
Аннотация

Бұл мақала Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Конституциялық соттарының құқықтық мәртебесі мен өкілеттігін қазіргі конституциялық-құқықтық реформалар контекстінде салыстырмалы талдауға арналған. Зерттеу нәтижелері екі елдің конституциялық бақылау органдарының нормативтік-құқықтық базасын, доктриналық дереккөздерін және құқық қолдану тәжірибесін кешенді зерттеуге негізделіп отыр. Автор екі модельдің маңызды институционалдық айырмашылықтарын айқындайды: Қазақстандағы модель — сот конституционализмін дамытуға, құқық қорғау функциясын күшейтуге және азаматтарға жеке конституциялық шағым механизмі арқылы қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған; ал Өзбекстан моделінде — классикалық соттық вертикаль элементтері сақталып, азаматтардың конституциялық бақылау рәсімдеріне тікелей қатысу мүмкіндігі шектеулі.

Мақалада судьялық корпус қалыптастыру үдерістеріне және конституциялық бақылау органдарының институционалдық тәуелсіздігіне саяси-құқықтық факторлардың ықпалына ерекше назар аударылады. Қазақстанда конституциялық құқықтарды қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша елеулі нәтижелерге қарамастан, Конституциялық сот шешімдерінің орындалуы, оның құқықтық ұстанымдарының сот тәжірибесіне интеграциясы және селективті конституциялық белсінділік  тәуекелдері сияқты мәселелердің бар екендігі көрсетілген. Өзбекстанда тікелей конституциялық шағым институтының болмауы, жүгіну механизмінің соттардың қалауы мен бағалауына тәуелділігі және Конституциялық соттың жеке азаматтардың құқықтарын қорғаудағы құзыретінің шектеулілігі негізгі сын-қатерлер ретінде анықталған.

Салыстырмалы талдау Қазақстан мен Өзбекстандағы конституциялық әділет жүйелерін одан әрі дамыту үшін сот тәуелсіздігі кепілдіктерін күшейту, өтініш беріп жүгіну рәсімдерін жетілдіру, конституциялық бақылаудың құқық қорғау функциясын кеңейту және конституциялық мәдениетті арттыру қажеттігін көрсетеді. Алынған нәтижелер Орталық Азия елдерінде Конституцияның үстемдігін және адам құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге негіз бола алады.

PDF (English)