Түркияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты – бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қоғамдық басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған құқықтық, институционалдық және халықаралық тетіктердің динамикалық жүйесін білдіреді. Соңғы екі онжылдықта Түркия қылмыстық және әкімшілік заңнама, мемлекеттік қызмет, қоғамдық қаржы аудиті және мемлекеттік басқаруды цифрландыру салаларында ауқымды реформалар жүргізді. Сонымен қатар, мемлекет бір мезгілде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы конвенциясы, GRECO тетіктері, сондай-ақ Еуропалық одақпен келіссөздер үдерісі аясында халықаралық міндеттемелерді іске асыруда.
Зерттеу мақсаты: ұлттық заңнама, мемлекеттік басқару институттары және халықаралық стандарттар тұрғысынан Түркияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын кешенді талдауды жүзеге асырумен шартталған. Құқықтық механизмдердің эволюциясына, цифрландырудың рөліне, халықаралық ұйымдардың мониторинг нәтижелеріне және халықаралық талаптардың орындалу деңгейіне ерекше назар аударылды. Жұмыста салыстырмалы-құқықтық талдау, институционалдық тәсіл және нормативтік актілерді зерттеу әдістері қолданылды. Алынған нәтижелер Түркияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделінің күшті және әлсіз жақтарын айқындауға, сондай-ақ оны жетілдірудің негізгі бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді.
