Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ПАЦИЕНТ ҚҰҚЫҚТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА: ҚҰРЫЛЫМЫ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҮШІН МӘНІ

Жарияланды December 2025
Al-Farabi Kazakh National University
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Аннотация

Бұл мақала әмбебап және өңірлік халықаралық актілер жүйесінде қалыптасқан пациент құқықтарының құрылымын, мазмұнын және халықаралық-құқықтық маңызын зерттеуге арналған. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, Адам құқықтары мен биомедицина жөніндегі конвенция, №108+ Конвенциясы, ДДСҰ мен ЭЫДҰ құжаттары сияқты халықаралық актілерді талдау пациенттің құқықтарын- қолжетімділік, қауіпсіздік және медициналық көмектің сапасы, ақпараттандырылған келісім, медициналық деректерді қорғау және келтірілген зиян үшін өтемақы алу кепілдіктерін қамтитын кешенді құқықтық институт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

 Әртүрлі мемлекеттердің құқықтық үлгілерін салыстырмалы зерттеу халықаралық стандарттардың әмбебап сипатын және олардың ұлттық денсаулық сақтау жүйелерін дамыту үшін негіз бола алатынын көрсетеді.

Қазақстан заңнамасын талдау пациентке берілген негізгі құқықтық кепілдіктердің бар екенін айқындағанымен, олардың тәжірибе жүзінде іске асырылу тетіктері шектеулі екенін көрсетті. Әсіресе медициналық ақпаратты қорғау, шағымдарды қарау, patient safety (пациент қауіпсіздігі) және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі салаларында айтарлықтай олқылықтар бар. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдірудің бірқатар бағыттары ұсынылды: деректерді қорғау нормаларын бейімдеу, пациент құқықтарын қорғайтын тәуелсіз институттарды құру және ақпараттандырылған келісімге қатысты нормативтік реттеуді дамыту.

PDF (Русский)