Жасанды интеллект саласы көптеген елдерде үкіметтің қолдауымен қарқынды дамып келеді. Бұл тақырыптың өзектілігі жасанды интеллектінің қолдану аясының кеңдігі мен мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуына ықпалымен байланысты, сондықтан оның дамуы мен құқықтық реттелуі кез келген мемлекет үшін маңызды.
Мақала жасанды интеллектті этикалық және құқықтық реттеу мәселелеріне арналған. Ол жасанды интеллект қолданудан туындайтын жағдайларды, себептерін, осы бағытта зерттеу жүргізген ғалымдардың көзқарастарын, оның ішінде, этикалық қағидаттар, олардың деңгейі, мемлекеттік бағдарламалар, моделін жасаған мемлекеттер туралы қамтылған.
Бұл зерттеу жасанды интеллект туралы зерттеу жасаушыларға арналған еңбек: біріншіден, осы салада бағдарлама жасаушылар мен заң шығарушыларға тиімді ұсыныс болып табылады. Екіншіден заңгерлерге, студенттерге, жасанды интеллектті құқықтық реттеу саласында ізденушілерге арналады.
