Буллинг (қорлау, қудалау) әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіретін салдарға әкелуі мүмкін. Аталған құбылыстың өзектілігі, ең алдымен, оның бағытталу объектілерінің ерекшелігімен айқындалады — буллингке ұшырайтын кәмелетке толмаған тұлғалар «құрбан» ретінде, ал оны жүзеге асыратындар «буллер» ретінде сипатталады. «Кәмелетке толмаған» ұғымының құқықтық мәні әрбір мемлекеттің тарихи, мәдени және құқықтық дәстүрлеріне байланысты әртүрлі түсіндіріледі. Сондықтан да буллинг, қорлау, қудалау, құрбан, буллер, субъект секілді ұғымдарды құқықтық айналымда қолдану ерекшеліктерін ескеру қажет. Жас ерекшелігіне байланысты субъектілік талдау жүргізу — буллинг субъектілерінің құқықтық мәртебесін дәл анықтауға мүмкіндік беретін маңызды фактор. Құрбан мен буллердің құқықтық мәртебесін білу — оларды құқықтық қорғау тетіктерін таңдауда және буллингтің алдын алу шараларын әзірлеуде маңызды алғышарт болып табылады. Зерттеудің халықаралық құқықтық тәжірибе аясында жүргізілуі Қазақстан Республикасының салалық заңнамасын жетілдіруге бағытталған ғылыми-тәжірибелік ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тілі
Русский
Как цитировать
