Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САНЫНЫҢ ӨСУІ МЕН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БАЙЛАНЫСЫ ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУ ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ

Жарияланды June 2025
Стамбул университеті
Аннотация

Бұл мақалада Түркия Республикасының мысалында халық санының қазіргі уақыттағы жедел өсуі мен қала құрылысын жоспарлау саласындағы жүйелі түрдегі  сыбайлас жемқорлықтың өзара байланысы қарастырылады. Автор XX ғасырдың екінші жартысынан бастап Түркияда орын алған құқықтық және экономикалық үдерістерге кеңінен талдау жасай отырып, ауылдық жерлерден ірі қалаларға ішкі көші-қон нәтижесінде туындаған урбанизацияның тұрғын үй құрылысы саласындағы бейресми тәжірибелердің қалыптасуына қалай әсер еткенін нақтылап анықтайды. Мақалада құрылыс салу пен жер пайдалануды реттейтін құқықтық тетіктер, сондай-ақ жер иелері мен құрылыс компаниялары арасындағы келісімшарттар, олардың «көлеңкелі» келісімдерге негіз болған ерекшеліктері қарастырылады. Құрылысқа рұқсат беру және нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық схемаларына жол ашатын жергілікті билік органдарының институционалдық әлсіздігі мен қоғамдық бақылаудың шектеулілігіне ерекше назар аударылады. Қалалық жоспарлау саясатын және нормативтік базаны қайта қарау, бақылаушы субъектілердің құқықтық жауапкершілігін күшейту және ашықтық құралдарын енгізу қажеттігіне баса мән беріледі.

pdf (English)