Кәсіпкерліктің бір түрі бола отырып, ойын бизнесіне ел бюджетіне міндетті аударымдар салынады. Мұндай аударымдардың тәртібі салық заңнамасының нормаларымен реттеледі. Қолданыстағы салық салу қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген тәртіппен заңдық жауаптылыққа әкеп соғады. Кәсіпкерліктің әртүрлі түрлеріне қатысты Қазақстанның салық саясаты біртекті болып табылмайды. Кәсіпкерліктің әртүрлі түрлерінің ерекшелігі оларға салық салудың тетіктері мен көлемдерінде көрінеді. Сараланған тәсіл үрдісінде қазақстандық салық салу моделінің ерекшелігі тұр. Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде бірінші оқылым сатысында ҚР Президенті Қ.-Ж. Қ. Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан соңғы салық реформасының нәтижесі болуға тиіс жаңа Салық кодексінің жобасы тұр. Осы жобаның контекстінде ойын бизнесі саласындағы салық салу көлемінің өсуі болжанады. Жаңа салық саясатын іске асыру кезінде Қазақстандағы ойын бизнесі саласы елеулі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл болжам ойын бизнесін экономиканың көлеңкелі секторына кету үшін кедергілерді бір мезгілде белгілеу жолымен тек қана құқықтық өрісте сақтау жөніндегі шараларды озыңқы пысықтауды талап етеді.
Тілі
Русский
Кілттік сөздер
салық құқығы, салық жүйесі, салық салу, ойын бизнесі, мемлекеттік бюджет, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Как цитировать
