Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАСЫ ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ МАНИПУЛЯЦИЯЛАУ

Жарияланды December 2024
Абай атындағы ҚзҰПУ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Қазақстанда цифрлық технологияларды енгізудің бірден бір дәлелі болып 2017-2022 жылдар аралығына бағытталған 2017 жыл 12 желтоқсанындағы «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру табылады. Аталған бағдарламаның негізігі бағыттары болып: жоғары әлеуметтік сұраныстарға ие болатын қаржы-экономикалық қатынастар табылады. Осыған орай, цифрландыру еліміздің тиісті қаржы-экономикалық құрылымдарының әкімшілік-басқару аппаратын күнделікті жұмыстан босатуға, пайдаланушыға транзакциялардың жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар деректер базасына оңай қол жеткізу, сенімділігі мен рұқсат етілмеген әрекеттерден қорғалуына кепілдік беруге арналған үлкен деректер базасын заңсыз пайдаланудың нақты қаупіне ұшырады. Цифрлық технологиялар саласына рұқсатсыз ену фактілерін танудың сот-сараптама тәжірибесімен әзірленген қолданыстағы әдістері қылмыскерлердің цифрлық технологияларды қылмыстық айла-шарғыдан қорғаудың кез келген жаңартылған жағдайлары мен әдістерін имитациялау қабілетінің жоғары болуына байланысты тез ескіруде. Қылмыстық  істер бойынша ақпараттық – байланыс технологиялар саласында күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізуді қажет етеді. 

pdf