Зерттеу шетелдік элементті қамтитын неке-отбасылық қатынастарды реттеудің халықаралық стандарттарын талдауға арналған. Өйткені, қазіргі кезеңде, бұл мәселе жаһандану және шетелдік элементтің қатысуымен неке санын көбейту контекстінде өзекті болып отыр.
Тақырып аясында зерттеу барысында, жалпы және арнайы неке-отбасы қатынастарының реттеудегі соның ішінде некеге отыру, ажырасу, қорғаншылық және қамқоршылық, алимент міндеттемелері, мүліктік дауларды рәсімдейтін халықаралық-құқықтық құжаттар қарастырылды.
Мақалада салыстырмалы талдау әдістері, әр-түрлі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін анықтау және сипаттау үшін жүйелік тәсілдер қарастырылды. Талдау барысында, даулы жағдайлар туындаған жағдайда, қолданылатын құқықты анықтаудың негізгі тәсілдерінің бар екендігін анықтады.
Зерттеу, неке-отбасы қарым-қатынасында, қатысушылардың құқықтарын тиімді қорғау үшін және ұлттық заңнама нормаларын үйлестіру үшін, халықаралық некелерде халықаралық стандарттарды сақтау және келістіруді құрудың аса маңызды екенін қарастырады.
