Бұл мақалада азаматтық қоғамды қалыптастырудың және де құқықтық мемлекеттің қызмет етуінің негізгі шарты ретінде үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) маңыздылығы қарастырылған, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтарын қорғау функциялары, олардың қоғамдық талқылаулар мен бастамаларға қатысуы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәсілдері талданған. Әлеуметтік өзгерістер мен реформаларды жүзеге асыру үдерісінде ҮЕҰ мен мемлекеттік құрылымдардың бірлескен қызметіне баса назар аударылған. ҮЕҰ-дың адам құқықтарын қорғауға, қоғамдық бақылауға қатысуы және олардың құқықтық мемлекетпен өзара әрекеттесу контекстінде демократиялық процестерге әсері талданған. Зерттеуде ҮЕҰ-дың белсенді қатысуы демократиялық процестердің дамуына зор ықпал етіп, азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу дәрежесін арттыратыны туралы қорытынды жасалған.
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМЫУНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ
Жарияланды December 2024
Аннотация
Тілі
Русский
Кілттік сөздер
құқық
адам құқықтарын қорғау,
құқықтық реттеу
мемлекет
азаматтық қоғам
үкіметтік емес ұйымдар
Как цитировать
