Қазақстан Республикасында жоғары заң білімін дамыту проблемалары егеменді Қазақстан тарихында елдің жоғары басшылығы тарапынан екі рет ерекше назар аудару мәніне айналды. Алғашқы рет жоғары заң білімінің проблемалары бұрынғы одақтас республикаларды егемендендірудің белсенді үдерісі кезеңінде көтерілді. Бұл халықаралық қоғамдастықта дербес егемен субъект ретінде қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудың бастапқы кезеңі болды. Бұл кезеңге 1994 жылы Қазақстанда алғашқы мемлекеттік заң институтының ашылу фактісі жатады. Еліміздің жоғары басшылығы екінші рет Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында 2021 жылы жоғары заң білімін дамыту туралы мәселені көтерді.
Аталған Тұжырымдамада жоғары заң білімін одан әрі дамыту проблемаларын шешу басымдықтардың бірі ретінде ұсынылды, оны іске асыру осы Тұжырымдаманың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 2030 жылдан кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс. Бұл басымдықты iске асырудың басталуын шартты түрде 2024 жылдың сәуiр-мамырына - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм комитетi Қазақстан Республикасында заң бiлiмiн дамыту тұжырымдамасының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құрған сәттен бастап жатқызуға болады.
Қазақстанда жоғары заң білімін одан әрі дамыту жолдарын айқындаудың мемлекеттік маңыздылығын ескере отырып, алдымен оның шегінде тұжырымдамалық маңызы бар проблемалар кешені әзірленуге тиіс әдіснамалық тәсілдерді айқындау қажет.
