Мақалада адам құқықтарының жүзеге асырылуында маңызды болып табылатын азаматтық институтына, азаматтық ұғымына, азаматтыққа қатысты халықаралық конвенцияларға және ұлттық заңнамаларға, сонымен қатар азаматтық саласындағы ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау негізінде азаматтық институтының қалыптасуының сұрақтары қарастырылып, зерттеледі. Посткеңестік елдердің азаматтық туралы заңнамаларының қалыптасуына, бекітілуіне, заң ғылымы саласындағы ғалымдардың ой пікірлеріне құқықтық шолулар жасалып, ортақ пікірге сипаттама беріледі.
Сонымен бірге, мақалада азаматтыққа құқықты жүзеге асыру, жалпы азаматтыққа қатысты нормалардың Қазақстан Республикасындағы заңнамаларда көрініс табуы зерттеліп, елдегі азаматтыққа қатысты заңнамаларды жетілдіруде басты шарт ұлттық заңнамаға адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттады сақтау әрі осы бағытта үнемі дамып отыру жөнінде қорытындылар жасалған.
