Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ САҚТАНДЫРУ ЩАРТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды March 2024
Баишев Университета, Актобе, Республика Казахстан
Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің агроөнеркәсіп кешеніндегі ерікті сақтандырудың қалыптасуы мен құқықтық реттелуі қарастырылды. Автор сақтандырудың бұл түрі сақтандырылған фермерлердің мүліктік мүдделерін қорғаудың әлемдік тәжірибеде кең тараған негізгі құралы екенін атап көрсетті.

Мақалада Еуропа елдерінің, Америка Құрама Штаттарының және Канаданың мысалында осы саладағы сақтандырудың даму тарихы берілген. Автор Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын сақтандырудың құқықтық реттелуіндегі және ерекшеліктеріндегі ұқсастықтарды қадағалап шықты.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруына қысқаша ретроспективті талдау жүргізе отырып, автор осы саладағы қолданыстағы сақтандыру жүйесінің кемшіліктерін атап кетті. Сонымен қатар, 2020 жылы қазақстандық заң шығарушы енгізген агроөнеркәсіптік кешендегі жаңа сақтандыру схемасының артықшылықтарына тоқтап атап шықты.

Автор сақтандыру құқықтық қатынастарының жосықсыз қатысушылары туралы ақпаратты қамту қажет деп есептей отырып, агроөнеркәсіптік сектордағы жаңа сақтандыру схемасы бойынша сақтанушылар сақтандырушыларын таңдайтын платформада ақпаратты орналастыру қажет деп санап өз ұсынысын айтып кетті.

pdf (Русский)