Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ИСЛАМ ШАРИҒАТЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды March 2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Мақалада әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі болып саналатын ислам дініндегі адам құқығының проблемасы, әлеуметтік әділдік мәселелері жан жақты талданады. Зерттеудің мақсаты ислам діні адам құқығын кепілдікке ала отырып, адамның абыройын асқақтатқан ең кемел құқық жүйесі екенін түсіндіру. Ислам ұсынатын әлеуметтік әділдік адамзат өмірінің жан–жағын толығымен қамтитын адамгершіліке негізделеді. Адам құқығына соншалықты мұқият көңіл бөлуді басқа ешбір діннен, тіпті жаңа заманғы құқық жүйелерінен де кездестіре алмаймыз. Бұл мәселені терең байыптаған ислам діні бір адамның өмірін қиюды бүкіл адамзаттың ғұмырын қиюмен тең қарастырған. Ислам діні адам құқығына келгенде негізгі принциптерді басшылыққа ала отырып, әрбір адамға өмірлік құндылықтарды көзінің қарашығындай қорғау жауапкершілігін жүктейді. Қай заманда болмасын адамдардың әлеуметтік қамсыздандыруға деген құқықтары ерекше назар аударуды қажет етеді.

pdf