Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СОТТЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІН ІСКЕ АСЫРУЫНЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ҚР ЖӘНЕ РФ ҚПК БОЙЫНША САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды March 2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Қазақстан Республикасының ҚПК және Ресей Федерациясының ҚПК бойынша алқабилердің қатысуымен соттың қылмыстық істерді қарау тәртібінің елеулі айырмашылықтары бар. Салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу Қазақстан мен Ресей Федерациясының салыстырмалы нормативтік құқықтық актілерінде құқықтық қатынастарды реттеу тәртібінде артықшылықтарды белгілеу кезінде пайдалы болып табылады. Артықшылықтарды бағалау ұлттық құқық жүйесіндегі салалық заңнаманы жетілдіру жөніндегі заңнамалық ұсыныстардың негізіне алынуы мүмкін. Құқықтық парадигмаларды имплементациялау - көпжылдық ортақ құқықтық тарихы бар әр түрлі елдердің, әсіресе таяу шет елдердің заңнамаларын жақындастырудың неғұрлым өнімді тәсілдерінің бірі.

pdf (Русский)