Мақалада қазіргі уақытта Қазақстанның құқықтық жүйесі даму сатысында, заңнаманы белсенді қайта құру сатысында көптеген жаңа заңдар қабылдау және бұрыннан бар заңдарға көптеген түзетулер енгізу болып жатқандығына байланысты дауларды шешудің балама әдістерін енгізу жайлы айтылады. Дауларды шешудің балама әдістеріндегі заңнамадағы олқылықтарды анықтау және оларды жою тәсілдерін ұсыну, заңнамалық ұсыныстарды тұжырымдау сөз болады.
Сондай-ақ дауларды реттеудің және оны азаматтық юрисдикция органдарының қызметіне біріктірудің дербес тәсілі ретінде дауларды шешудің балама әдістерінің жекелеген түрлерін ұйымдастыру және қолдану проблемаларын жан-жақты зерттеуден тұрады.
