Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КОНТЕКСТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ: ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР

Жарияланды June 2025
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б.А. Тайторина

заң ғылымдарының докторы, Тарих және құқық факультетінің профессоры

Аннотация

Мақала Түркия мен Қазақстан мысалында жергілікті өзін-өзі басқару контекстінде мемлекеттік қызметтің дамуын талдауға арналған. Зерттеу жергілікті биліктің қалыптасуының тарихи алғышарттарын, Конституциялық реттеудің ерекшеліктерін, сондай-ақ басқаруды орталықтандыруды, сыбайлас жемқорлықты, білікті кадрлардың тапшылығын және азаматтық белсенділіктің әлсіздігін қоса алғанда, заманауи сын-қатерлер мен мәселелерді қамтиды. Екі елдің мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс істеу тәсілдеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Жергілікті биліктің автономия дәрежесіндегі айырмашылықтарға, лауазымды тұлғаларды тағайындау және сайлау рәсімдеріне, сондай-ақ өкілді органдардың рөліне ерекше назар аударылады. Анықталған ерекшеліктер негізінде есептілікті күшейтуді, азаматтық қатысуды кеңейтуді және кадрлық әлеуетті дамытуды қоса алғанда, жергілікті басқару шеңберінде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар тұжырымдалды. Зерттеу нәтижелері жергілікті басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтуға бағытталған.

pdf