Мақалада кәсіподақтардың жұмыс берушілер мен жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы маңызы мен рөлі қарастырылады. Кәсіподақ қозғалысының қызметі әлеуметтік қорғаудың элементі болуға, әлеуметтік әділеттілік мәселелерін шешуге, жұмыс істейтін халықтың еңбек құқықтарын сақтауға, азаматтарды ресми жұмыспен қамтуға тартуға ықпал етуі керек. Қазіргі уақытта жалдамалы жұмыскерлер арасында әлеуметтік қорғауды күшейту туралы сұраныс бар. Атап айтқанда, біз азаматтардың әлеуметтік еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін заңнамада бекітілген шаралардың жеткіліксіздігі, кәсіпорындар деңгейінде кепілдіктер берудегі кемшіліктер туралы айтып отырмыз. Қазіргі күні кәсіптік одақтар жұмыскерлер өмірінде үлкен рөл атқарады. Кәсіптік одақтар жұмыскерлер құқықтары мен мүдделерін сақтауға ерекше кепілдердің бірі болып табылады.
Кәсіптік одақтардың жұмыс беруші мен жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері
Жарияланды September 2023
Аннотация
