Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бағыты ҚР Конституциясының ережелерін іске асыруға, мемлекеттің және жалпы алғанда бүкіл азаматтық қоғамның үдемелі дамуын қамтамасыз етуге арналған.
Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылықтары болып табылатын мемлекет қызметінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі маңызды рөл атқарады. Осы тұста мақалада мемлекеттің жоғары құндылықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін бұл құбылыспен күресу қажеттігі туралы баяндалады. Қылмыстылықпен күресу үшін, ең алдымен, сотталушының өзі тарапынан да, басқа адамдар тарапынан да қылмыстардың алдын алу қажет.
