«Абай ат.ҚазҰПУ хабаршысы. «Юриспруденция» сериясы (бұдан әрі – Журнал) ғылыми журналы 2004 жылдан бастап жылына 4 рет мынадай белгіленген мерзімде: №1 шығарылым ағымдағы жылдың 29 наурызына, №2 – 29 маусымға; №3 – 29 қыркүйекке және №4 - 29 желтоқсанға дейін шығарылады.
08.05.2009 жылғы № 10111 - Ж журналын есепке қою туралы куәліктің деректері.
Журналды қайта есепке қою туралы куәліктің деректері 19.03.2021 жылғы № KZ73VPY00033635.
Халықаралық стандартты сериялық нөмір ISSN (оnline) 2959-6181; ISSN (print) 2959-6173.
Шығару кезеңділігі: жылына 4 рет.
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Журналда қазақстандық дәйексөз базасында импакт-фактор бар.
Журнал сайты: https://bulletin-jurisprudence-kaznpu.kz/index.php/home
Журналдың электрондық нұсқалары қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін «ҰМҒТСО» АҚ-ға ұсынылады.
Журналдың мақсаты - заң ғылымдары саласындағы өзектi жұмыстарды, ұлттық және халықаралық құқық, заң шығару және заңнама жүйелерi саласындағы отандық және шетелдiк ғалымдардың ғылыми зерттеулерiнiң нәтижелерiн жариялау.
Журналдың міндеттері:
- ғалымдарға, оқытушыларға, докторанттарға, магистранттарға заң ғылымдары саласындағы өз зерттеулерінің нәтижелерін уақтылы жариялауға жәрдемдесу, сондай-ақ ғылыми жұмыстардың жаңа нәтижелері туралы заң қоғамдастығын хабардар ету;
- халықаралық кеңістікте жаңа идеяларды егжей-тегжейлі баяндау және талқылау үшін журналдың ғылыми алаңын ұсыну;
- журналдың редакциялық алқасының мақалалар құрылымына жасалған талаптар бойынша авторлармен жүйелі жұмысы арқылы ел ішіндегі ғылыми мақалалар деңгейін арттыру;
- ғылым мен тәжірибенің тиісті салаларындағы жетекші ғалымдарды, мамандарды рецензиялауға тарту арқылы ғылыми стандарттарды сақтау;
- қазақстандық ғалымдардың халықаралық заң ғылыми қоғамдастығына кірігуіне жәрдемдесу;
- журналдың халықаралық деректер базасы мен ашық электрондық ресурстарда болуын кеңейту;
- шетелдік оқырмандар үшін журналдың қолжетімділігін арттыру - зерттеудің мәнін ағылшын тілінде (Abstract), түйін сөздерді (Keywords) жариялау және латын әліпбиіндегі әдебиеттер тізімін қайталау (References).
ЖУРНАЛДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:
- Мемлекет және құқықтың жалпы теориясы. Мемлекет және құқық тарихы.
- Конституциялық құқық. Әкімшілік құқық және процесс.
- Азаматтық құқық және процесс. Еңбек құқығы. Білім беру құқығы.
- Қылмыстық құқық және процесс. Криминология. Криминалистика.