Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетi Хабаршы «Юриспруденция» сериясы

Жариялау этикасы

Журналдың редакциясы өз жұмысында Ғылыми жарияланымдардың этикасы жөніндегі комитет (Committee on Publication Ethics - COPE) әзірлеген және бекіткен ғылыми жарияланымдардың халықаралық этика стандарттарын ұстанады және беделді халықаралық журналдар мен баспалардың тәжірибесін ескереді. Журнал авторлар тобына қатысты, сондай-ақ редколлегия мүшелерінің ортасында, сондай-ақ рецензенттермен, баспагерлермен, таратушылармен және оқырмандармен өзара қарым-қатынаста этикалық нормаларды сақтауға ұмтылады.

Ғылыми этика қағидаттарының, стандарттары мен нормаларының бұзылуы анықталған және дәлелденген мақаланың авторы (лары) 1 жыл ішінде журналға мақала жібере алмайды.

МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСТАРЫН, ӘДЕПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР

Әдепсіз мінез-құлық - авторлардың, редакторлардың немесе баспагерлердің өз мақалаларына өз бетінше рецензия берумен байланысты іс-әрекеттері, келісімшарттық және жалған лицензиялау, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау жөніндегі агенттік қызметтерге жүгіну, авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, мақалалар мәтіндерін авторлармен келіспей басқа журналдарға беру, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтарды және редакциялық процестердің құпиялылық қағидаттарын бұзу, дәйексөз келтірумен, плагиатпен, бұрмалаумен және фабрикациямен айла-шарғы жасау.

Журналдың редакциялық алқасының мүшелері тағайындалған рецензенттерден басқа, үшінші тұлғаларға жарияланғанға дейін қарауға қабылданған қолжазба туралы ақпаратты ашпайды. Редакциялық алқа авторларға және басқа адамдарға рецензенттер туралы мәліметтерді де ашпайды.

Журнал редакторлары қолжазбаларды тек ғылыми маңыздылығы, ақпараттың дұрыс баяндалуы, қорытындылардың объективтілігі негізінде ғана бағалайды, тек ғылыми пікірталасты ынталандырады, сондай-ақ автордың жеке деректерін қорғауды қамтамасыз етеді. Редакциялық алқа мүшелері өз жұмысында құпиялылықты сақтайды және жарияланбаған авторлық ақпаратты өз зерттеулерінде пайдаланбауға міндеттенеді. Редакциялық алқаның мүшелері Журналда жариялау үшін ұсынылған мақалаларды рецензиялауға қатысу үшін белгіленген тәртіппен әртүрлі салалардағы сарапшыларды тартуға құқылы.

Мақалаларды кері қайтарып алуды немесе түзетуді, түзетулерді, кешірім сұрауды, автормен теріске шығаруды журнал редакциясы журнал сайты арқылы ғана жүргізеді.