Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. «Юриспруденция» сериясы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Хабаршы» журналының «Юриспруденция» сериясы «Хабаршы» деген ортақ атаумен және әртүрлі сериялар шеңберінде тақырыптық бағыттар бойынша сараланған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті журналдық басылымдарының жалпы жүйесіне кіреді. «Юриспруденция» сериясы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан 2009 жылғы 8 мамырда №10111-Ж куәлігімен тіркелген. (PDF)

ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК басылымдар тізбесі (3-Тізім)
Журнал Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми еңбектердің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесінің 3-Тізіміне енгізілген.
Негіздеме: ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК 14.08.2026 жылғы № 600 бұйрығы

Мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және онлайн басылымды тіркеу туралы куәлік № KZ73VPY00033635 Берілген күні: 2021 жылғы 19 наурыз  (PDF)

Ғылыми журнал жылына 4 рет шығарылады. Журналдың полиграфиялық басылымы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Ұлағат» баспасында жүзеге асырылады.

Міндетті даналары Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына;
Қазақстан Республикасының Ұлттық академия кітапханасына;
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына; Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне беріледі.
EuroPab - https://europub.co.uk/journals/bulletin-of-abai-kaznpu-series-of-jurisprudence-J-33270
Researchbib Academic resource index - https://journalseeker.researchbib.com/view/issn/2959-6173

Басылым тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Журналдың тақырыптық бағыттары:

- Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы. Мемлекет және құқық тарихы.
- Конституциялық құқық. Әкімшілік құқық және процесс.
- Азаматтық құқық және процесс. Еңбек құқығы. Білім беру құқығы.
- Қылмыстық құқық және процесс. Криминология. Криминалистика.

Журнал Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы(ҰМҒТСО) АҚ-ның Қазақстандық дәйексөз келтіру базасында (ҚазДКБ) индекстеледі.

Журналдың әрбір саны авторлар туралы мәліметтермен бірге жарияланады, сондай-ақ редакцияға жариялау үшін қолжазбаларды ұсыну ережелері орналастырылған. Әр мақалаға DOI нөмірі беріледі.

Оқырмандар мен әлеуетті авторлардың кең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында журналдың әрбір саны сайтта электрондық форматта орналастырылады.

Ағымдағы шығарылым