Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

КҮЗЕТПЕН ҰСТАУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ МЕН НЕГІЗДІЛІГІ: СОТТЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ПӘНІ РЕТІНДЕ

Жарияланды March 2022
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Бұл мақалада автор ҚР қылмыстық процесуалдық заңнамасына орай күзетпен ұстау және оның процесуалдық мәселелеріне аса назар аударады. Қазіргі кезеңде республикада қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру, ең алдымен, қылмыстық процеске қатысушыларға, олардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, сондай-ақ осы құқықтарды қамтамасыз ету кепілдіктеріне көңіл бөлудің күшеюімен сипатталады.
Адамның жеке бас бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығы оның өзіне толық билік етуінен, негізсіз қамауға және қамауға алынбауға, бос уақытына билік етуге, ел аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерін таңдауға құқылы. Жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету қылмыстық процестегі тұлға позициясының ең маңызды аспектісі болып табылатындығы баршамызға белгілі.

pdf