Зерттеуде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтау
саласындағы мемлекеттік саясатына талдау жасалды. Денсаулық сақтау жүйесі қызметінің
тиімділігінің тӛмендігі және салалық әлеуеттің әлсіздігі, денсаулық сақтауды ұйымдастыру,
басқару және қаржыландыру жүйесін сәтсіз реформалау салдары негізделген, нақты және ойластырылған мемлекеттік стратегияның болмағандығының нәтижесі болып табылады.
Барлық жылдарда еліміздің медицинасы кадрлардың ауысуы және сыбайлас жемқорлық
сияқты ауырлататын факторлардың ықпалына ұшырап, белгілі бір қайта құру сатысында тұр.
Зерттеу Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің бытыраңқылығын қалыптаспаған
әлеуметтік қана емес, сонымен қатар құқықтық база мәселесі ретінде анықтауға болады
деген тезисті негіздейді. Негізгі тұжырымдардың бірі Қазақстандағы медицина сапасын
жақсартуға, оның құрамдас бӛліктерін үйлестіруге, сондай-ақ мемлекеттік деңгейде
денсаулық сақтаудың рӛлін нығайтуға әлеуметтік және құқықтық аспектіні ұтымды
ұштастыру түріндегі негізгі шарттарды орындау ықпал етеді деп жасалған қорытынды болып
табылады.
Азаматтардың десаулығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты: трансформация дискурсы
Жарияланды December 2022
Аннотация
Тілі
Русский
Кілттік сөздер
денсаулық сақтау, құқықтық реттеу, мемлекеттік саясат, мемлекеттік бағдарлама, ұлттық жоба, дені сау ұлт
Как цитировать
