Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

Іс жүргізу құжаттары жүйесіндегі нотариаттық актінің орны мен ерекшеліктері

Жарияланды December 2022
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Мақалада Нотариаттық іс-әрекеттердің нәтижесі ерекше заңды мәнге ие және
нотариаттық актілерде ӛзінің құжаттық кӛрінісін табатыны айтылады. Негізінде,
нотариаттық құжаттар азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын, құқықтық
дұрыстығын, дәлелділігін кӛрсетеді. Ӛйткені, олар белгілі бір жағдайларда сот органдарына
жүгінбей мәжбүрлеп орындау мүмкіндігін тиісінше ресімдеу және бекіту арқылы құқықтық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралы екендігінің елеулі ерекшеліктері қамтылады.
Шынында, нотариаттық құжаттар азаматтық айналымды нығайтуға және тауар-ақша
қатынастары процесін жеделдетуге ықпал етеді, сонымен қатар, құқықтық инфрақұрылым
шығындарының құнын тӛмендетеді, жанжалсыз экономика құруды анықтайды. Сондықтан,
мақалада елдің инвестициялық тартымдылығын қалыптастыруда, мүліктің құқықтық
жағдайындағы айқындыққа кепілдік беруде және құқықты іске асыруды нотариаттық
актілердің маңыздылығы айтылады.

pdf (Русский)