Бұйрық өндірісінің даму тарихы Ежелгі Римде басталды, одан кейін XV ғасырда Ресейде пайда болған, алайда Қазақстанда сот бұйрығының аналогы тек XIX ғасырда пайда болды. Бірнеше ғасырлардан кейін сот бұйрығы институты ресей заңдарынан алынып тасталды. Ал Қазақстанда бірнеше жүз жылдан кейін ғана 2002 жылы болған реформалардың арқасында Бұйрық өндірісі азаматтық іс жүргізу кодексінде берік орнықты. Қазіргі уақытта бұл өндіріс сот практикасында кеңінен танымал, өйткені ол халық үшін қарапайым және түсінікті құқықтарды қорғау тетігі ретінде әрекет етеді.
Мақала Қазақстан Республикасындағы сот бұйрығын шығару жағдайлары мен бұйрық өндірісінің себептерін зерттеуге арналып жазылды. Бұйрық өндірісі туралы сот ісін жүргізудің проблемалық аспектілерін қарау, сонымен бірге оларды қарастыру тәсілдерін әзірлеу арқылы азаматтық процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
