Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ГЕРМАНИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды September 2026
KazNPU
Аннотация

Қазіргі заманғы адам қызметі ауқымының кеңеюі және игерілген құзыреттіліктердің тез ескіруі жағдайында, қарқынды дамып келе жатқан қоғам талаптарына сай келетін ересектерге арналған үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындады. Бұл мақалада Қазақстан және Германия университеттеріндегі егде жастағы адамдарға арналған өмір бойы оқыту теориясы мен тәжірибесінің негізгі қағидаттары қарастырылады. Мақалада авторлар егде жастағы адамдарға арналған үздіксіз білім беруді ұйымдастыру мәселесін талдайды. Авторлар егде жастағы адамдардың өздеріне жеке мақсаттар қоятынын, тұрақты түрде ұсынылатын білім беру бағдарламаларының ішінен ең маңыздыларын таңдап, оқудың жеке бағдарламаларын жасайтынын атап өтеді. Өйткені, ересектерге арналған үздіксіз білім берудің жаңа әрі икемді нысандарының кәсіби біліктілікті арттыру мен кәсіби даярлықтың бұрыннан қалыптасқан жүйесімен ықпалдасуы терең ғылыми талдауды қажет етеді. Мақаланың жаңалығы Қазақстан және Германия университеттеріндегі дәстүрлі жоғары білім беру жүйесі аясында ондаған жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан «Күміс университеті» нысанын зерттеу және талдау жасау. Алынған нәтижелер егде жастағы адамдарды оқытудың ересектерге арналған дәстүрлі оқытудан өзгешелігі білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтарына бейімделген икемді оқыту тәсілін қолдануға мүмкіндік беретінін көрсетті.

pdf