Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ХАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛТАЙ: ГЕНЕЗИСІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАРЫ

Жарияланды September 2026
Аннотация

Қазақстандағы конституциялық реформа және саяси жүйені жаңарту жағдайында халық өкілдігінің тарихи нысандарына ғылыми қызығушылық артуда. Құрылтай түркі және моңғол халықтарындағы дәстүрлі алқалы шешім қабылдау институты ретінде кеңесуші жиналыс, билікті легитимдеу органы және қоғамдық келісімге қол жеткізу механизмі қасиеттерін біріктіретін бірегей құбылыс болып табылады. Зерттеудің мақсаты — халық өкілдігінің институты ретінде құрылтайдың генезисі, мазмұны мен эволюциясын кешенді теориялық-құқықтық талдау және оның қазақстандық мемлекеттілікті дамыту контекстіндегі заманауи интерпретацияларын түсіну. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихи-құқықтық, формальды-заңдық және жүйелік-құрылымдық әдістер құрады, бұл құрылтай институтының рулық жиналыстардан халық өкілдігінің заманауи моделіне дейінгі трансформациясын қадағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде Қазақ хандығындағы құрылтай жоғарғы кеңесші органның функцияларын орындағаны, хан билігін легитимдеуге, әдет құқығын жүйелеуге және стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысқаны анықталды. Оның негізгі белгілері айқындалды: өкілдік сипаты, алқалылық, шешім қабылдаудың консенсустық тәсілі және әдет құқығымен байланысы. Қазіргі Қазақстанда құрылтай институтына жүгіну өкілдік биліктің басқа мемлекеттерден алынған үлгілерін ұлттық тарихи-мәдени дәстүрлермен үйлеструге ұмтылысты білдіреді деген қорытынды жасалды.

pdf (Русский)