Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ПРАВОВЫЕ МЕХАНИЗМЫ ОХРАНЫ ВОДНЫХ РЕСУРСОВ В СИСТЕМЕ БАССЕЙНОВОГО УПРАВЛЕНИЯ: ОТ ГОСУДАРСТВЕННОГО КОНТРОЛЯ К ЭКОЛОГИЧЕСКИ ОРИЕНТИРОВАННОЙ МОДЕЛИ

Жарияланды September 2026
KazNARU
Аннотация

Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының бассейндік басқару жүйесіндегі су ресурстарын қорғаудың құқықтық тетіктерін қазіргі заманғы үрдіс әкімшілік-бақылау моделінен экологиялық бағытталған модельге трансформациялану негізінде талдауға арналған. Ғылыми зерттеу әдістері негізінде Қазақстан Республикасының 2025 жылғы Су кодексінің ережелері, мемлекеттік реттеу және мониторинг мәселелері, су ресурстарын интеграцияланған басқарудың өзекті халықаралық тәсілдері және эмпирикалық деректеріне талдау жасалынған. Талдау нәтижелері бассейндік басқарудың тиімділігін тек бақылау нәтижесімен ғана бағалаудың мүмкін еместігін анықтауды қамтып отыр.  Мақалада  екідеңгейлі бағалау жүйесі негізінде бақылау-әкімшілік және экологиялық бағытталған модельдер арасындағы айырмашылық айқындалып отыр. Зерттеудің негізгі нәтижесі бассейндік  жоспарлаудың экологиялық және сушаруашылық көрсеткіштері олардың келешекте құқықтық пайдаланылуы жеткілікті түрде бекітілмеген деген қорытындының жасалуы.  Сонымен қатар жүргізілетін мониторинг нәтижелерінің,бассейндік жоспарлаудың,экологиялық тәуекелдер мен мемлекеттік әсер етуді бағалаудың арасындағы құқықтық байланыстың әлсіздігі түйінделеді. Зерттеуде бассейндік жоспарлау және экологиялық тәуекелдерді бағалау кезінде, ал осы бағалаудың нәтижелері мемлекеттік ден қою шараларын анықтаса, ал қол жеткізілген нәтижелер келешектегі басқарушылық шешімдерге түзету енгізуге негіз болатын мониторинг мәліметтері қолданылатын  біркелкі құқықтық тетік құру ұсынылады.

pdf (Русский)