Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР МОДЕЛІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАРДАН БАСТАП

Жарияланды September 2026
Q Университеті
Аннотация

Зерттеуде халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына ықпалдастыру проблемасы қаралады. Зерттеу парадигмасы - ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік қызметтің құндылық мазмұнын әзірлеудің әлемдік тәжірибесін Қазақстанның ұлттық практикасына енгізу процесі; жалпы үрдістер мен нақты әдістерді анықтау үшін шет елдермен салыстырмалы талдау.

Мемлекеттік қызметтегі ұйымдастырушылық мәдениет мемлекеттік билік органдары мен азаматтық қоғам арасындағы тиімді басқаруды, негізделген шешімдер қабылдауды және сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің негіз қалаушы факторы болып табылады. Осы зерттеуде жүргізілген ғылыми талдау жаһандану, саяси және экономикалық жағдайлардағы қайта құрулар және сыбайлас жемқорлық пен бюрократия, ұйымдық мәдениетті қалыптастыру және ұдайы дамыту сияқты қазіргі заманғы проблемалар жағдайында мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесінің маңызды элементтеріне айналғанын көрсетеді. Зерттеуде мемлекеттік қызмет жүйесінде тарихи тұрғыдан ұйымдастырушылық мәдениеттің қалыптасуы мен эволюциясы қарастырылады.

Мемлекеттiк қызметтiң халықаралық стандарттарының мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiне әсерiне, кәсiби және этикалық талаптарды сақтауға, мемлекеттiк институттар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара iс-қимылға, азаматтардың мемлекеттiк институттарға сенiмiн нығайтуға ерекше көңiл бөлiнедi. Зерттеуде сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар ұсынылады. Бұл ұсынымдар «ресми этика» ұғымын нақтылауды, қолданыстағы этикалық мінез-құлық қағидаттары мен стандарттарын кеңейтуді және мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде мемлекеттік қызметке кіру және басқа лауазымдарға тағайындау немесе ауыстыру кезеңдерінде мінез-құлқын бағалаудың қосымша өлшемдерін белгілеуді, сондай-ақ заңнама шеңберінде нормативтік ережелердің қайталануын жоюды қамтиды.

pdf (English)