Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨТІНІШ ПЕН ӘКІМШІЛІК ШАҒЫМ: ӨЗБЕКСТАН МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР, ШЕШІМДЕР САПАСЫ ЖӘНЕ АШЫҚ МОНИТОРИНГ

Жарияланды September 2026
Институт переподготовки и повышения юридических кадров при Министерстве юстиции Республики Узбекистан
Аннотация

Ғылыми мақала жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі жалпы институт пен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы әкімшілік шағым бойынша арнайы іс жүргізуді үйлестіруге арналған. Формальды-заңдық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік және функционалдық әдістер негізінде Өзбекстан Республикасының өтініштер және әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы, Апелляциялық кеңестердің эксперименттік моделі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі зерттелді. Өтініштерді қараудың жалпы режимінде өзара байланысты үш мәселе анықталды: процестік мерзімдердің жеткіліксіз саралануы, тиісті жауап өлшемдерінің егжей-тегжейлі бекітілмеуі және мониторингтің негізінен ведомстволық сипаты. Бұл мәселелердің мемлекеттік қызмет нәтижесіне берілетін әкімшілік шағымға ауысу кезінде қалай көрінетіні көрсетілді. Құқықты қалпына келтіруге бағытталу жалпы шағымға да тән болғандықтан, ажырату өлшемдері ретінде даулау нысанасы, нақты әкімшілік іс жүргізумен байланыс, мүдделі тұлғаның мәртебесі, қайта қараушы органның құзыреті және құқықтық нәтиже ұсынылады. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңның кең нысанасы мен әкімшілік актілерге басым түрде бағытталған Апелляциялық кеңестердің арнайы моделі арасындағы нормативтік асимметрия анықталды. Мақалада жалпы өтініштер үшін сараланған мерзімдер, жауап сапасының нормативтік стандарты, Апелляциялық кеңестерді әкімшілік шағымданудың жалпы жүйесіне институционализациялау және өтініштер статистикасын құқықтарды нақты қалпына келтіру көрсеткіштерімен байланыстыратын ашық мониторингтің екі деңгейлі моделі ұсынылады.

pdf (English)