Конституциялық-құқықтық мұрагерлік институты құрылымындағы міндетті үлес- адамның жеке, әлеуметтік және экономикалық құқықтарының белгілерін біріктіретін негізгі, әмбебап, табиғи және бөлінбейтін элементі болып табылады. Осы зерттеудің ғылыми гипотезалары қазіргі заманғы конституциялық және азаматтық заңнаманың ережелеріне, құқықтың қазіргі заманғы тұжырымдамаларына негізделген: конституциялық-құқықтық мұрагерлік институтының құрылымындағы міндетті үлес, Конституцияда бекітілген негізгі (іргелі) құқықтарға қатысты, мұрагерлік конституциялық құқық субъектілері арасында туындайтын қатынастарды реттеудің негізін құрайды. Зерттеу дизайны қаралып отырған заң санатының теориялық-құқықтық және практикалық мәселелеріне - мұрагерліктің конституциялық- құқықтық институты құрылымындағы міндетті үлеске - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы мысалында кешенді талдауды қамтиды.
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МҰРАГЕРЛІК ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ МІНДЕТТІ ҮЛЕС
Жарияланды September 2022
Аннотация
Тілі
Русский
Как цитировать
