Мақалада цифрлық медиа кеңістіктегі ақпарат тарату үдерісінің ерекшеліктері, ақпараттық манипуляциялардың қоғамдық санаға, ақпараттық қауіпсіздікке және қоғамдық қатынастарға әсері қарастырылады. Әлеуметтік желілер мен интернет-платформалардың қарқынды дамуы ақпараттың таралу жылдамдығын арттырып қана қоймай, жалған ақпараттың, дезинформа-цияның және манипуляциялық контенттің кең таралуына жағдай жасауда. Осыған байланысты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың ақпараттық құқықтарын қорғау мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр.
Зерттеу барысында ақпараттық манипуляциялардың негізгі түрлері мен олардың қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпалы талданып, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеу тетіктері қарастырылды. Атап айтқанда, «Ақпарат-тандыру туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдардың жекелеген ережелеріне талдау жасалды. Сонымен қатар шетелдік құқықтық тәжірибе, оның ішінде Еуропалық Одақтың Digital Services Act актісі мен Германияның NetzDG заңнамасының ерекшеліктері зерттелді.
Зерттеу нәтижесінде цифрлық платформалардың жауапкершілігін нақтылау, жалған ақпаратты анықтау тетіктерін жетілдіру, медиасауаттылық пен құқықтық мәдениетті дамыту, сондай-ақ мемлекет пен цифрлық платформалар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігі негізделді.
