Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

КРИПТОВАЛЮТАНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

Жарияланды April 2026
Аннотация

Цифрлық технологиялардың бүкіл әлемге таралуы, олардың ӛмірдің барлық салаларына енуі
оң және теріс бағытта айтарлықтай ӛзгерістерге әкелді.
«Криптовалюта» термині цифрлық валюта және виртуалды активтер ұғымдарымен қатар
құқық қолдану тәжірибесінде бұрыннан орнығып келеді. Кеңінен қолданылғанымен, арнайы
нормативтік тұрғыдан толық бекітілмеген және кешенді түрде реттелмеген бұл ұғым сот
тәжірибесінде сынақ пен қателіктер арқылы біртіндеп қалыптасып, дамудың ӛзіндік жолын
таңдады. Мұндай жағдай қоғамның барлық салаларын қамтыған цифрландыру үдерісімен
байланысты болып, экономикалық және әлеуметтік қатынастардың бір бӛлігін виртуалды
кеңістікке кӛшіруге ықпал етті. Соның нәтижесінде криптовалюталар кейбір құқыққа қарсы
әрекеттерді жүзеге асырудың құралына айналып, қылмыстық құқық үшін жаңа сын-қатерлер
туындатуда.
Мақала Қазақстан Республикасындағы қылмыстық құқық бұзушылық жүйесіндегі
криптовалюталардың рӛлін зерттеуге арналған. Зерттеуде криптовалюталардың құқықтық
мәртебесін айқындау, олардың қатысуымен жасалатын қылмыс түрлерін талдау, құқық қорғау
органдары кездесетін қиындықтарды кӛрсету және қылмыстық заңнаманы жетілдірудің
ықтимал бағыттарын анықтау мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, халықаралық
тәжірибені ескеру қажеттілігі де атап ӛтіледі.
Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және
криминологиялық тәсілдер құрайды.

Pdf