Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ЖҤЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды April 2026
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Мақалада ғылыми негізделген талдау нәтижесінде қылмыстық теріс қылық ұғымын енгізудің негізгі алғышарттары ретінде қылмыстық және әкімшілік құқықтың шекарасын нақтылау, сот төрелігін оңтайландыру және қылмыстық саясатты заман талабына сай жетілдіру қажеттілігі қарастырылады. Сонымен қатар, тәжірибелік мамандардың пікірлері қылмыстық теріс қылық институтының енгізілуі қылмыстық сот ісін жүргізуді жеңілдететінін, құқық қорғау органдарының жүктемесін азайтатынын және қылмыстық жауапкершіліктің әділ әрі тиімді жүзеге асуына ықпал ететінін көрсетеді.

Осы тұрғыда мақалада қылмыстық теріс қылықтар үшін көзделген жаза түрлерінің мазмұны, олардың ізгілендіру саясатына сәйкестігі және құқық қолдану тәжірибесіндегі тиімділігі жан-жақты талданады. Автор бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды кеңінен қолданудың маңыздылығын негіздеп, айыппұл, қоғамдық және түзету жұмыстары сияқты баламалы санкциялардың профилактикалық әрі тәрбиелік әлеуетін ашады. Сонымен бірге, шынайы өкіну, жәбірленушімен татуласу, медиация институты және қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерінің өзара байланысы қарастырылады.

Зерттеуде БҰҰ құжаттары мен шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, жәбірленушінің мүддесін басым ескеретін және дауларды бейбіт жолмен шешуге бағытталған тетіктерді дамыту қажеттілігі дәлелденеді. Қорытындыда қылмыстық заңнаманы жетілдіру, жазаларды саралау және құқық қолдану практикасын тиімді ету жөніндегі ғылыми ұсыныстар беріледі.

Pdf