Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ: САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды April 2026
Гданьский университет
Аннотация

Мақала Еуропалық одақтың салық құқығын үйлестіру мәселесін және оның Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесімен салыстыра отырып, Польша Республикасының мысалында мүше мемлекеттердің ұлттық құқықтық тәртібіне әсерін кешенді талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі интеграциялық үдерістердің тереңдеуімен, корпоративтік салық салу саласындағы ұлттықтан жоғары реттеудің күшеюіне және салық базасының бұлыңғырлануына қарсы ең төменгі жалпыға міндетті стандарттардың қалыптасуымен айқындалады. Жұмыста Еуропалық одақ құқығында бекітілген үйлестірудің нормативтік негіздері, директиваларды Польша заңнамасына имплементациялау яғни енгізу тетіктері, сондай-ақ салық нормаларын біркелкі түсіндіруді қамтамасыз етудегі Еуропалық Одақ Сотының сот практикасының рөлі зерттеледі.

Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы-құқықтық, формалды-заңдық және жүйелік әдістері құрайды. Эмпирикалық базаға Польшаның әкімшілік соттарының сот практикасы, қаржы органдарының ресми есептері, Еуростаттың статистикалық деректері және 2020–2025 жылдар аралығындағы халықаралық ұйымдардың материалдары енгізілген.

Зерттеу нәтижесінде Еуропалық одақтағы үйлестіру үдерісі жанама салықтарды техникалық жақындастырудан корпоративтік салық салудың негіздерін қамтитын көпдеңгейлі реттеу моделін қалыптастыруға дейін дамығандығы, эволюцияланғаны анықталды. Бұл үдеріс мемлекеттердің салықтық егемендігін жоймайтыны, керісінше оны өкілеттіктерді бірлесіп жүзеге асыру нысанына айналдыратыны дәлелденді. Еуразиялық интеграция шеңберіндегі үйлестіру моделiмен салыстыру құқықтық жақындасудың тереңдігі мен міндеттілігі бойынша айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берді.

Ұлттық автономия мен қаржылық тұрақтылық пен құқықтық сенімділікті қамтамасыз етудің ұлттықтан жоғары тетіктерін біріктіретін көп деңгейлі салықтық реттеудің тұрақты жүйесі қалыптасып отырғаны туралы қорытынды жасалды.

Pdf (English)